Жаңалықтар
Қорғаныс министрлігі жастарды әскерге көшеден күштеп әкетуге қатысты мәлімдеме жасады
- author AR-AY
- 8 маусым, 2025
- 49

Әлеуметтік желілерде әскерге шақыру жасындағы азаматтарды мәжбүрлі түрде әскери бөлімдерге жеткізу туралы видеолар таралуына байланысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады,деп хабарлайды arainfo.kz
Министрлік мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны заң аясында жүргізілетінін, алайда кей азаматтардың мекенжайда тұрмауы немесе шақырту талаптарын орындамауы қиындықтар туғызатынын айтты.
Егер шақыру қағазы азаматқа табысталмаса, оны жеткізуді ішкі істер органдары жүзеге асырады. Рейд кезінде полиция талабына бағынбағандар мәжбүрлі түрде жеткізіледі. Шақыру пунктінде азаматтың әскери қызметке шақырылу негіздері анықталып, негіз болмаса – үйіне қайтарылады, ал болса – медициналық тексеруден өтеді.
Мерзімді қызметтен жалтарғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Министрлік азаматтарды заң талаптарын сақтауға және жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Келесі мақала