Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі жетекші 20 елдің қатарына енді

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі жетекші 20 елдің қатарына енді
istockphoto.com
Астанада өткен Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан еліміздің алтын өндірісі саласындағы жетістіктері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Оның айтуынша, соңғы он жылда Қазақстанда алтын кенін өндіру көлемі 2,2 есеге артқан. Осыған сәйкес тазартылған алтын өндірісі де екі есеге ұлғайып, елдің алтын қоры айтарлықтай өсім көрсеткен. Нәтижесінде Қазақстан әлемдегі алтын қоры ең көп 20 елдің қатарына енді.

Иран Шархан бұл жетістік елге 420 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Сонымен қатар, 2026 жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу аумағы 1,9 миллион шаршы шақырымнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін кеңейтілетінін жеткізді.

Ал Дүниежүзілік алтын кеңесінің деректері бойынша, 2025 жылы алтын қоры ең көп алғашқы үш ел мыналар болмақ:

  • АҚШ – 8,13 мың тонна
  • Германия – 3,35 мың тонна
  • Италия – 2,45 мың тонна
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар