Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда жазасын өтеушілерге Мемлекеттік рәміздер туралы бейнеролик көрсетілді

Таразда жазасын өтеушілерге Мемлекеттік рәміздер туралы бейнеролик көрсетілді
ҚАЖД
4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні. Айтулы күнге орай Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтарға арнайы бейнеролик көрсетілді. Онда еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін Елтаңба, Ту, Әнұранның шығу тарихы толыққанда баяндалады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

«Туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады. Елтаңба, Ту, Әнұран әрбір ресми және бейресми іс-шарада болуы тиіс. Сонда ғана біздің мемлекеттік рәміздер азаматтар арасында кеңінен таралады. Ал мұндай іс-шаралардың сотталғандардың түзелуіне, олардың бойында Отанға деген шынайы сезімді қалыптастыруда ықпалы зор», – делінген ақпаратта.

Ел құндылығын дәріптеп, мерейін асқақтатуды мақсат еткен шара одан әрі мекеме әкімшілігі тарапынан тәрбие беру жұмыстарына ұласты.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар