3000 рубик текшесі: Мемлекеттік рәміздер күніне орай Елтаңба бейнеленген панно құрастырылды
- author AR-AY
- 4 маусым, 2025
- 28

Елордадағы Нұржол бульварында үш мыңнан астам Рубик текшесінен тұратын Мемлекеттік Елтаңбаның ерекше панносы жасалды.
Көлемі 4x3 метрді құрайтын бұл бірегей туындыны құрастыруға үздіксіз 10 сағат уақыт жұмсалған. Әрбір текше алдын ала мұқият іріктеліп, түс үйлесімділігіне сәйкес орналастырылған. Нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстанның басты рәміздерінің бірі – Елтаңбаның дәлме-дәл, пиксельдік бейнесі пайда болды.
Айта кетейік, бұл шараны ұйымдастырған «Жастар Рухы» жастар қанаты өскелең ұрпақ арасында белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған түрлі жобаларды дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Атап айтқанда, интеллектуалдық сайыстар, әлеуметтік желідегі челлендждер мен флешмобтар, мерекелік концерттер және ел жастарын бірлікке, Тәуелсіздікке, Отанға деген сүйіспеншілікке үндейтін креативті акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылады.