
Албания астанасы Тиранада Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды arainfo.kz
Polisia.kz мәліметінше,2023 жылы ер адам Алматы қаласында жеке мектеп ашып, жоғары оқу орындарына түсу үшін ақылы дайындық курстарын ұсыну арқылы 10 азаматты алдады.
Жалпы шығын 10,5 млн теңгені құрады.
ІІМ алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзивті оқыту әдістері мен үздік оқытушылар құрамын ұсынатынын еске салады.
Алаяқтық курстардың негізгі белгілері:
- лицензия мен ресми тіркеудің болмауы;
- оқытушылар мен бағдарлама туралы ашық ақпарат жоқ;
- келісімшартсыз толық төлемді талап ету;
- тәуелсіз платформаларда ұсыным мен пікірлердің болмауы.
Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз!
Келесі мақала
«Айша» – ана тағдырын жеткізген туынды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев Қордай аудандық ҚХА-ның алғашқы сессиясына қатысты
- авторAR-AY
- 5 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Моңғолия – Азиядағы сенімді серіктесіміз»
- авторAR-AY
- 5 қыркүйек, 2025