Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады
- author AR-AY
- 3 маусым, 2025
- 25

Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды arainfo.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап
Негізгі көрсеткіштер:
- биылғы 1 мамырға дейін 157,8 мың адамды еңбекпен қамту шаралары жүргізілген;
- 143,2 мың азамат жұмысқа орналастырылған;
- жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
- жүйелі жұмыстың нәтижесінде өндірістік жарақат алу көрсеткіші биылғы І тоқсанда 17 пайызға төмендеді;
- өлімге әкеп соғатын қайғылы оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға азайды;
- кәсіптік тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу, сондай-ақ еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерінің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр.
Цифрландыру:
- министр әлеуметтік-экономикалық орнықтылық пен осал отбасыны бағалауға арналған скорингті моделді қолдану тұжырымдамасын ұсынды. Бұл жобаны енгізу қаражатты шын мұқтаж жандардың пайдасына қайта бөлуге және қолдау шараларының нақты иесіне жетуіне мүмкіндік береді.
- Президент тапсырмасы:
- әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдіру;
- атаулы көмектің тиімділігін арттыру;
- жұмыспен қамту шараларын кеңейту;
- еңбек және әлеуметтік салаларды цифрландыру.
Келесі мақала