Жаңалықтар
«Жазғы демалыс кітапппен бірге» қысқа мерзімді лагері өтті
- author AR-AY
- 3 маусым, 2025
- 109

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларына «Жазғы демалыс кітаппен бірге» қысқа мерзімді жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастырды,деп хабарлайды arainfo.kz
Үш күндік лагердің алғашқы күні «Мамыр» саябағында таңғы жаттығумен басталып, балалар тамаша ойындар ойнап, табиғат аясында суреттер салумен бірге пик – ник жасалып, түскі ас ұсынылды.
«Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы «Асар» оңалту орталығынан Даулетбаева Айгерім Мұратбекқызы зағип балаларға қуаныш сыйлау мақсатында мерекелік сыйлықтарын таратып, саябақта ипотерапия (атқа, пониге) өткізді. Кітапхана тарапынан балмұздақ таратылып, тамаша көңіл-күйге бөленген балалар кітапхана ұжымына алғысын айтып үйді-үйіне тарқасты.
Келесі мақала
Елімізде Құрбан айт намазының уақыты анықталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Тараздағы «Ұлы Дала» шағын ауданында заманауи ірі жобалар іске асуда
- авторAR-AY
- 4 маусым, 2025