Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты
- author AR-AY
- 3 маусым, 2025
- 187
Үшінші айналымда Данилина – Крунич дуэті америкалық Айша Мухаммад пен нидерландылық Деми Схурс секілді турнирдің 5-ракеткаларына қарсы өнер көрсетті. Қарсыластарынан қаймықпаған қазақстандық-сербиялық жұп матчты екі бірдей брейкпен сәтті бастап, 3:0 есебімен алға шықты. Алғашқы сет 6:4 есебімен аяқталса, екінші партияда Анна мен Александра мүлде мүмкіндік бермей, 6:0 нәтижесімен үстем түсті.
Барлығы 1 сағат 13 минутқа созылған кездесуде Данилина – Крунич 14 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланса, қарсыластар тек бір эйс пен бір брейкпен шектелді.
Ширек финалда Анна мен Александра турнирдің бірінші ракеткалары — чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендпен кортқа шығады. Бұл жұп үшінші айналымда 2 сағат 43 минутқа созылған тартысты матчта мажарстандық Тимя Бабош пен бразилиялық Луиза Стефаниді 6:7 (6:8), 6:3, 6:4 есебімен жеңіп шыққан болатын.
Осылайша, Франция ашық чемпионатында Қазақстаннан Анна Данилина мен Александр Бублик жарысты жалғастырып жатыр.
Жамбыл облысындағы Қаракөл қайта толды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында Халықаралық мүгедектер күніне орай әдеби алтыбақан өтті
- авторAR-AY
- 2 желтоқсан, 2025




