Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан «Бахри Точик» су қоймасын пайдалану туралы хаттамаға қол қойды
- author AR-AY
- 2 маусым, 2025
- 298
Вегетациялық кезеңнің ең қызған уақытында Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі деп күтіліп отыр. Құжатта су қоймасының жұмыс кестесі көрсетілген. Ол үш ел арасындағы суды тиімді әрі теңдей бөлуге бағытталған. Министрлердің кездесуі мен хаттамаға қол қою рәсімі Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында өтті.

«Біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі – елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық су құқығы қағидаттарын ілгерілетуге ұмтылады. Су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол – тұрақты даму мен өңірлік тұрақтылықтың құралы. Біз тек ынтымақтастық арқылы ғана климаттық сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра аламыз»,– деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
ҰБТ басталғаннан бері 116 мың рет тест тапсырылды
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




