ҚАЖД №58 мекемесі мен жеке кәсіпкерлер балалар үйіне тарту жасады
- author AR-AY
- 30 мамыр, 2025
- 352
Бұл игі шараның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, олардың бойындағы үміт отын жағу, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру. Іс-шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне түрлі сый-сияпаттар ұсынылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
Айта кетерлігі, тарту ретінде ұсынылған бұйымдардың бірқатары №58 мекемесіне қарасты өндіріс алаңында жасалған. Атап айтқанда, «Асима» және «Алан» жеке кәсіпкерліктерінде еңбек етіп жатқан сотталғандар өз қолдарымен жасаған тұрмыстық және көркемдік бұйымдарын балаларға тарту етті. Бұл – тек қолөнер емес, сонымен қатар түзелу жолына бет бұрған азаматтардың қоғамға пайдалы іс жасауға ұмтылысының көрінісі.
Мекеме басшылығы мен кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған бұл қайырымдылық шарасы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тәрбиешілеріне ерекше әсер қалдырды. Олар өз ризашылықтарын білдіріп, шын жүректен алғыстарын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




