
Бағалау кезінде білім беру сапасын сырттай бағалау нәтижелері, мектептерге арналған PISA және PISA халықаралық зерттеулеріне қатысу, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі деректері (ББЖМ), мемлекеттік аттестаттау қорытындылары, оқушылардың жетістіктері, педагогтердің біліктілігі, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, тәрбие жұмысының тиімділігі, қолайлы мектеп ахуалы, ғылыми, экологиялық және әлеуметтік жобаларға қатысу бойынша бақылау және бағалау іс-шараларының қорытындылары негізінде кешенді талдау жүргізілді.
Сонымен қатар басқарудағы ашықтық қағидаттары да ескерілген. Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.
2025 жылғы "100 үздік мектеп" тізіміне енген Жамбыл облысындағы мектептер:
Тараз қаласы
- Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы
Тараз қаласы
- №24 гимназия
Тараз қаласы
- Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия
Қордай ауданы
- №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназия
Тараз қаласы
- И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназия
Толық тізіммен [2025 жылы 100 үздік мектеп ] танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 8 мың мектеп жұмыс істейді, онда 3,9 миллионнан астам бала оқиды және 412 мың педагог еңбек етеді.