Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қуаты 1 ГВт жел электр стансасының құрылысы басталады

Қуаты 1 ГВт жел электр стансасының құрылысы басталады
Автор
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі компаниялардың бірі – Masdar (БАӘ) өкілдерімен кездесті.

Тараптар ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыру, яғни облыста қуаты 1 ГВт жел электр стансасының құрылысын талқылады.

Инвестиция көлемі 1,4 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі жобаны екі ел үшін басымдық және стратегиялық маңызды деп айтуға мүмкіндік беретін тиісті келісім заңды түрде бекітілді.

Құрылысқа дайындық үшін қазірдің өзінде геологиялық және әлеуметтік-экологиялық зерттеулер жүргізілуде.

«Masdar» компаниясының бизнес және жобаларды дамыту жөніндегі директоры Абдулла Зайедтің айтуынша, жел энергетикасы жобасын жүзеге асыру Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтып, елдің оңтүстік аймақтарын электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етеді.

– Жобаны жүзеге асыруға қазақстандық мамандар тартылады. Сонымен қатар компания жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды қолдауға дайын, – деп атап өтті Абдулла Зайед.

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының жаңартылатын энергия көздері, әсіресе жел энергетикасы саласында әлеуеті зор екеніне тоқталды. Мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашып, қосымша инвестиция тартуға және өңірдің дамуын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаны бірлесе іске асыруға уағдаласты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар