Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп өзгертті

Jusan Bank атауын Alatau City Bank деп өзгертті
Shutterstock
Jusan Bank-тің атауы Alatau City Bank деп өзгерді, деп хабарлайды arainfo.kz

15 мамырда акционерлердің жалпы жиналысының қорытындысы бойынша банктің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Атаудың өзгеруі мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін заңды күшіне енеді.

«Банк атауын өзгерту — тек маңдайшадағы жазуды ауыстыру емес. Бұл — біздің стратегиямыздың, амбицияларымыздың және қаржы институтын дамытуға деген жаңа көзқарасымыздың айқын көрінісі», — деді директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов.

Сондай-ақ, төраға жаңа атаудың банк қызметіне ешқандай кері әсер етпейтінін атап өтті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар