Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жер үстінің берекесі

Жер үстінің берекесі
Автор
Бейбіт күн -заман тірегі , Көгімде күнім күледі . Соғыстың қандай екенін, Кешегі қарттар біледі .

Майдангер қарттар дара шың ,

Қорғаған отан, даласын.

Соғыста жүріп сезді олар ,

Өлім мен өмір арасын .

 

Майданда жүрген ер мықты,

Тылдағы жүрген ел мықты.

Соғыс шебінде ағалар,

Жасады күнде ерлікті!

 

Қорғады олар мекенін,

Өлімнің сезбей қатерін.

Отаны барда білді олар,

Мәңгілік тірі екенін!

 

Айтылар солай сөз қатпар,

Жүректің зарын қозғап бар.

Көз жұмып жатты майданда,

19 жасар боздақтар.

 

Тылда да азап ел көріп,

Аналар мұңмен  тербеліп.

«Қара қағаз» келсе қайғырды,

Көзінің жасы көл болып.

 

Айтылмас бұлай аз дастан,

Қатердің бәрін сезді аспан.

Тылда да тыным таппады,

Апалар белін жазбастан.

 

Ешкім де жайнап күлген жоқ,

Азапты ешкім сүйген жоқ.

Ойнайтын кезде балалар,

Ойнауды бірақ білген жоқ.

 

Сұрапыл күнгі ақпардан,

Жайына қалды тәтті арман.

Есейіп жатты балалар,

Майданнан келген хаттардан.

 

Тарылып тыныс, күнде өріс,

Ауырлап кетті мүлдем іс.

Атаның ерлік ісімен,

Ананың тылда күшімен,

Осылай келді бұл жеңіс.

 

Тыныштық елге беттесін,

Еліміз өсіп көктесін.

Бүгінгі ұл мен қыздардың

Басынан бақыт кетпесін!

 

Абай ата -даналық

Ақын Абай -ақиқаттың бастауы,

Ақын Абай -шындықтың биік аспаны.

Хакім жырын жаттап өсіп жанына,

Нұр құюда қазағымның жастары.

 

Ақын Абай адал жолдан таймаған,

Ол кісідей білімі терең қайда адам?

Сол білімін арнап ел мен жұртына,

Қазағымның жарық таңын ойлаған.

 

Әр қазаққа көрсетіп кең пейілін,

Ғылым, білім  деп арнады зейінін.

Ұлы Абайдың есімі бар тағы да,

Ғұламаның  екінші аты -мейірім

 

Мен теңеймін атамызды нар тауға,

Өсиетін жаттап жүрмін әр таңда.

Әр қазаққа сөз арнаған ұлы Абай

Дос болмады еріншек пен жалқауға.

 

Әр нәрсенің байқап біліп құнын да,

Жетеледі қазақтың қыз, ұлын да.

Ойын-сауық, ішіп-жеудің қамы емес,

Жастың бәрін шақырды ол ғылымға.

 

Сыр іздеді әр қыраттан, әр тастан,

Мұң іздеді қаңқ етпеген жартастан.

Балаларға өкпеледі сол хакім,

Босқа жүріп, бекер босқа мал шашқан ..

 

Ұстансаңыз ұят пенен ар ұстан,

Өне бойың жаралсын тек намыстан.

Таңданамын ұлы Абайдың ісіне,

Мыңмен жалғыз алысатын данышпан!

 

Ақын Абай - біздің айтар әніміз,

Ойлағаны мына біздің қамымыз.

Қара сөзі әр қазақты ояту,

Абай жыры -жарқыраған шамымыз!

 

Сәулет Рахманберді,  мектеп-лицейдің 8 -сынып оқушысы,

Талас ауданы

Қаратау қаласы

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар