Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
- author AR-AY
- 28 мамыр, 2025
- 34

Бауыржан Бақытжанұлы Есеев Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Бауыржан Бақытжанұлы 1989 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы Шу қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2011 жылы Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің экономисті болып бастаған.
Әр жылдары Шу ауданы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім басшысы, аппарат басшысы, сондай-ақ Шу қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Сонымен бірге Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім басшысы лауазымында еңбек етті.
2022 жылғы наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Т. Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.