Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өңірдің экономика саласында өсім бар

Өңірдің экономика саласында өсім бар
inbusiness.kz
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда облыста 899 кәсіпорын жұмыс істеп тұр екен. Оның 18-і ірі кәсіпорын болса, 25-і орта, 856-сы шағын кәсіпкерлік нысан. Осы арқылы өңірде 44,8 мың адам жұмыспен қамтылыпты.

– Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары арқылы 389,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 123,6 пайызды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 51 миллиард теңгеге, өңдеу өнеркәсібі саласында 250,5 миллиард теңгеге өнім өндірілді. Есепті кезеңде химия өнеркәсібінде өнім 34,6 пайызға, тамақ өнеркәсібінде 50,2 пайызға артты. Мұнай өнімдерін өндіру 2,2 есегеге ұлғайса, құрылыс индустриясында өсім 16,5 пайызды, дайын металл бұйымдарын өндіру 3,1 пайызды құрап, машина жасау 2,4 есеге өсті.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім көлемінің артуына байланысты облыс бойынша өңделген тауарлар экспорты да артуда. Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 4,5 есеге артып, 63,5 миллион АҚШ долларын құрады. Экспорт көлемінің өсуіне химия өнеркәсібіндегі экспорттың 9,3 есе, тамақ өнеркәсібінде 127,3 пайызға өсуі есебінен қол жеткізілді.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан экспорттаушы кәсіпорындарды қолдау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, облыста экспорттық әлеуетті арттыру бағытында өңірдегі кәсіпорындармен жұмыс бір жүйеге қойылған. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы арқылы былтыр өңір компанияларының шығындары 122,3 миллион теңгеге өтелді – деді Аспандияр Мұраталыұлы.

Қазіргі таңда облыстың бірқатар кәсіпорындары өз өнімдерін сыртқы нарыққа жөнелтуде. Тарқата айтсақ, металлургия саласында «Тараз металлургиялық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электродтық массаны Ресей, Өзбекстан, Тәжікстанға экспорттап жатыр екен. Тамақ өндірісі саласында «Сауле» кондитерлік фабрикасы» ЖШС Тәжікстан мен Грузия және Қырғызстанға кондитерлік өнімдерін, «Мерке ет» ЖШС Иран, Бахрейнге ет, «Берсанукаев» ЖШС Ресейге шұжық өнімдерін, «Бурненская молочная компания» ЖШС Ресейге ірімшік өнімдерін шығаруда. Химия өндірісі саласында «Talas Investment Company» ЖШС Тәжікстанға натрий цианидін экспорттауда. Құрылыс индустриясы саласында «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС Қырғызстанға цемент, «Ақтас» ЖШС Қырғыз Республикасына әктас өнімдерін жөнелтуде.

Облысымыздағы «Үлкен-Бурултау» гипс кен орны республика бойынша ең ірі кәсіпорын саналатыны белгілі. Бұл Қазақстандағы барланған гипс қоры бойынша ең бай кен орны. Спикердің айтуынша, оның қоры 50 миллион тоннадан асатын көрінеді. Сондай-ақ өңірде «Жамбылгипс» АҚ, «Alina Group» ЖШС және басқа да гипс және гипстен жасалған бұйымдар өндіретін бірқатар ірі кәсіпорындар бар. Осы секілді өндіріс орындарының өңір экономикасына қосып жатқан үлесі зор.

Брифингте А.Сейсебаев «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, туризм саласын дамыту секілді дағы да басқа бағыттар байынша атқарылған жұмыстар жайын сөз етті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар