Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Arainfo.kz
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жеке құраммен түсіндірме жұмыстары жүргізілді,деп хабарлайды arainfo.kz

Аталған іс-шараға департаменттің бас маманы Айбек Ажибаев қатысып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ заңбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша баяндама жасады.

Жиын Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде өткізіліп, қатысушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Кездесу барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ортақ міндет екендігі атап өтілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар