Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің кодына қатысты түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің кодына қатысты түсініктеме берді
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстанда 2024 жылы 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Тұтынушылар арасында «Naqty Onim» мобильді қосымшасы арқылы дәрі-дәрмектің қаптамасындағы Data Matrix кодын сканерлеген кезде қажетті ақпараттың шықпауы жиі сұрақ тудырады. Бұл жағдайдың бірнеше себебі бар.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда шығарылатын барлық дәрі-дәрмектер міндетті түрде таңбаланып, олардың деректері «Tanba» бірыңғай таңбалау және қадағалау жүйесіне енгізілуі тиіс. Яғни, дәл осы күннен кейін өндірілген дәрілер туралы мәліметті Naqty Onim қосымшасынан сканер арқылы оңай көруге болады.

Алайда бұл талап тек 2024 жылдың 1 шілдесінен кейін шыққан препараттарға қатысты. Оған дейінгі дәрілерге таңбалау міндетті емес болды. Дегенмен, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 90 атаулы дәрілік зат таңбалау тізіміне енген. Бірақ ол кезеңде бақылау жүйесі міндетті болмағандықтан, мұндай дәрілерді сканерлегенде тауар қозғалысы немесе егжей-тегжейлі ақпарат көрсетілмей, тек Data Matrix кодын кім енгізгені туралы дерекпен шектелуі мүмкін.

Бұл туралы дәрілік заттарды таңбалау жобасының жетекшісі Анар Қарибаева былай дейді:

– Егер препарат 2024 жылдың 1 шілдесінен кейін шығарылған болса, бірақ қаптамасында Data Matrix коды жоқ немесе сканерлеген кезде деректер ашылмаса, тұтынушы Naqty Onim қосымшасындағы «Көмек» бөлімі арқылы мемлекеттік органға шағым жібере алады. Бұл – бұзушылық жайлы хабар берудің тиімді жолы.

Сонымен қатар, тұтынушыларға биологиялық белсенді қоспалар мен медициналық бұйымдар туралы да білу маңызды. Қазіргі таңда оларды міндетті таңбалау талап етілмейді. Биоқоспаларға қатысты пилоттық жоба жүргізіліп жатса, медициналық құралдарға таңбалау жобасы әзірге жоспар сатысында. Сондықтан мұндай тауарлардың қаптамасында Data Matrix кодының болмауы заңбұзушылыққа жатпайды.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар