Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда көмір өндіруді ұлғайтты

Қазақстанда көмір өндіруді ұлғайтты
Егемен Қазақстан
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында өткен жылыту кезеңінің қорытындылары және алдағы маусымға дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды arainfo.kz

Ол өткен жылыту маусымында халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың жоспарланған қажеттілігі шамамен 7,9 млн тонна көмірді құрағанын атап өтті.

Республикалық штабтың «Қазақстан темір жолы», жергілікті атқарушы органдар және көмір өндірушілермен бірлесіп жасалған жұмыстың нәтижесінде өткен жылыту маусымында көмір тұрақты жеткізілді. Барлық тұтынушы толық көлемде көмірмен қамтамасыз етілді, жоспар 101,1%-ға орындалды. Қоймалар мен теміржол тұйықтарында шамамен 350 мың тонна көмір қоры бар.

«Алдағы 2025-2026 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық шеңберінде Министрлік жергілікті атқарушы органдардың, ҚТЖ және көмір компанияларының атына көмірді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жолдады. Сонымен қатар, көмір жеткізудің тұрақтылығын арттыру мақсатында қазіргі уақытта "Қазтеміртранспен" бірлесіп көмір компанияларымен белгіленген бағамен және оларды жылжымалы құраммен қамтамасыз ету кепілдігімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мәселесі пысықталуда», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Министр сондай-ақ осы жылдың төрт айында 36,4 млн тонна көмір өндірілгенін, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға артық екенін хабарлады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар