
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, 20 жыл бұрын өздері түлеп ұшқан алтын ұяларына деген құрмет ретінде салынған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Серікжанұлы, ардагер ұстаздар Мейрамкүл Тұрлыбекова мен Шәрипа Үмбетова қатысты.
«Туған жерге туыңды тік» деген халқымыздың нақылын берік ұстанған түлектер туған ауылына, мектебіне деген шынайы жанашырлығын осылайша білдіріп отыр. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы елге көрсеткен үлгілі істері үшін түлектерге алғысын айтып, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Шара соңында мектептің төменгі сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылып, «Аманат» партиясының Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров жарысқа қатысушы командаларға спорттық киім мен футбол доптарын табыстады.