
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Дархан Сатыбалды 1974 жылғы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін аяқтаған. Мамандығы – экономист-менеджер, заңгер.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Келес кеңшары бөлімшесінде қызметкер болып бастаған.
1991 жылы – Келес ауданы "Коммунизм" бөлімшесінде жұмысшы;
1996–1999 жылдары — Келес ауданының "Келес" МКК-да аға экономист, Ақмола облысындағы "Кураков и Ко" ЖШС-да бас бухгалтер болып қызмет атқарған;
2000–2002 жылдары — мемлекеттік мекемелерде бюджеттік рәсімдердің орындалуын бақылау басқармасында жетекші, бас бақылаушы-тексеруші;
2002–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімінде референт, кеңесші, бас сарапшы және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған;
2006–2007 жылдары — Астана қаласы әкімдігінің "Жылу" МКК директоры, Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінде жұмыс істеген;
2007–2010 жылдары — Білім және ғылым министрлігінде Бюджеттік департамент, Қаржы департаменті басшысының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған;
2010–2013 жылдары — Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы, Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі орынбасары;
2013–2015 жылдары — Шымкент қаласының әкімі;
2015–2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;
2018–2019 жылдары — Шымкент қаласынан Сенат депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі;
2019–2022 жылдары — Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2022–2025 жылдары — Түркістан облысының әкімі.
2025 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының жарлықтарымен Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.