
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының атын алған гимназия тарихында 2293 түлек түлеп ұшқан болса, биыл 102 шәкірт алтын ұя мектебімен қоштасты.
Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысының орынбасары Серік Жақсылықұлы жас түлектерге сәттілік тілеп, оқуда озат болған оқушыларды марапаттады.
– Құрметті түлектер, алдарыңда үлкен өмір жолы жатыр. Ол үшін біріншіден, жақсы білім мен тәрбие, екіншіден - төзімділік қажет. Үшіншіден, адам өзінің алдына үлкен мақсат қоюы керек. Биылғы оқу жылында облыс оқушылары халықаралық, республикалық деңгейдегі білім, спорт, өнер байқауларында жүлдегер атанды. Оқушыларымыз республикалық олимпиада қорытындысы бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын иеленсе, республикалық ғылыми жобалар жарысында 16-шы жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын қорғап қалды. Осы орайда, шәкірттеріне терең білім беріп, тынымсыз еңбек етіп жүрген ұстаздарға алғыс айтамын, – деді облыс әкімінің орынбасары өз ізгі тілегінде.
Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында өңірде жалпы саны 714 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төс белгісіне үміткер болса, 990 мектеп бітіруші «Үздік аттестат» иегері атануға ниетті.
Алматыға жаңа әкім тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Көрнекті қаламгер Көсемәлі Сәттібайұлының кезекті әдеби кеші өтті
- авторAR-AY
- 23 мамыр, 2025