
Таразда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен 24 жастағы ер адам босатылды.
Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шыққан қордайлық азаматқа «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ бұл күні ҚАЖ қызметкерлері сотталған назарына оған көрсетілетін кез келген көмектің көлемін анықтау мақсатында қажетті мәліметтерді ұсынды.
Айта кетейік, Н есімді азамат Қылмыстық Кодекстің 200-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, сот шешімінің негізінде бір жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.