
Түркістан облысында ауыл мектебінің оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады, деп хабарлайды arainfo.kz
Оқушыны дайындаған оқу орталығы бұған дейін 140 балл алған түлекке пәтер сыйлайтынын жариялаған еді.Көп ұзамай орталық уәдесінде тұрып, Әбілхан Жәнібектің ата-анасына пәтер сертификатын табыстады.. Пәтер болашақта Жәнібек оқуға түсетін қаладан беріледі.
«Жәнібек бізде 2024 жылдың шілдесінен бастап 5 пәннен дайындалды. Қазір бізде дәл осындай жоғары балл күтіп отырған тағы 7 оқушы бар», – деді оқу орталығының директоры Айдос Жұманазар.
Айта кетейік, биылғы ҰБТ 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Елімізде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде
- авторAR-AY
- 22 мамыр, 2025