
Қазақстандық маман Әли Әлиев бір ай бұрын келісімшартқа қол қойғаннан кейін ресми түрде ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz
Сонымен қатар футбол федерациясындағы өзге ауыс-түйіс туралы ақпарат берілген.
Атап айтқанда:
- Геннадий Скуртул – ҚФФ техникалық директоры;
- Руслан Балтиев – ұлттық құрамалар департаментінің директоры;
- Денис Мамонов (U-21), Кирилл Кекер (U-19), Бауыржан Сағындық (U-17) – жастар құрамаларының бапкерлері;
- Мадияр Кембілов – әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері.
Бұл өзгерістер Федерацияның техникалық секторын жаңғырту және футболды жүйелі дамыту стратегиясына сәйкес енгізілді. 2026 жылы жаңа техникалық даму стратегиясы таныстырылады.