Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады
- author AR-AY
- Бүгін, 16:11
- 8

Мемлекет басшысы Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды arainfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
"Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор", – делінген жеделхатта.