Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Алматы – Петропавл» рейсінің билеті екі есе арзандайды

«Алматы – Петропавл» рейсінің билеті екі есе арзандайды
Көлік министрлігі
Алматы – Петропавл бағыты бойынша рейстер 2025 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық негізде жүзеге асырылады, деп хабарлайды arainfo.kz

Алматы – Петропавл бағыты бойынша субсидияланған әуе рейстерінің бағдарламасы сәтті аяқталып, рейс жүктемесі өзін-өзі ақтады. Бұл бағыт 2025 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық негізде орындалады.

Билет құны бір бағытқа 30 000 теңге болды. Коммерциялық модельге көшуіне байланысты билет бағасы 15 270 теңгеден басталмақ (тариф пен сатып алу уақытына байланысты құны өзгеріп отырады).

Айта кету керек, рейстердің жиілігі сақталады. SCAT әуе компаниясы аптасына бес рет рейс орындайды, ұшу ұзақтығы — екі сағат.

Жолаушыларға тиімді тарифтермен билет алу үшін оларды алдын ала брондауды ұсынылады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар