Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Интернет сапасы жақсарып келеді

Интернет сапасы жақсарып келеді
А.Рысмахан
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев цифрландыру және елді мекендерді сапалы интернетпен қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Облыс әкімдігі цифрландыру және архив басқармасының басшысы Шалқар Амантұровтың хабарлауынша, қазіргі таңда 2G-мен 43 елді мекен, 3G-мен 59 елді мекен қамтылған. 251 елді мекен 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. 189 елді мекенде талшықты оптикалық байланыс желісі орнатылған.

2025 жылы «Кар-Тел» (Beeline) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 13 базалық станса орнатуды және қолданыстағы сегізін жаңғыртуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2) серіктестігі 47 базалық станса, «Кселл» (Activ) акционерлік қоғамы 12 станса орнатуға ниетті.

Мобильді байланыс үшін республикалық және негізгі облыстық автомобиль жолдарында 12 антенна-діңгек құрылғыларын (АДҚ) орнату көзделген. Қазіргі таңда 6 АДҚ-ның (Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай аудандарында) жобалық-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасы алынды.

«Мобайл Телеком-Сервис» (Теле2) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тараз қаласында 5G технологиясын дамыту бойынша 32 базалық стансаны іске қосты.

Биыл жоғары жылдамдықты (4G) мобильді байланысымен 28 елді мекенді қамту жоспарланған. Мобильді операторлар жеке қаражаты есебінен 5 елді мекенде (Жамбыл, Қордай, Шу аудандары) мобильді байланыс сапасын жақсартты.

Қалған 23 елді мекен бойынша салалық ведомство мобильді байланыс операторлары өкілдерімен зерделеу жұмыстарын жүргізіп, антенна-діңгек құрылысын соғу қажет координаталарды келісіп, аудан әкімдіктеріне ұсынды.

Спикер мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыс барысы, қатты қалдықтарды басқару саласындағы пилоттық жобаны жүзеге асыру, жер қойнауын пайдалану саласындағы «Smart mine» жобасы, «Ақылды қала» бағдарламасы, денсаулық сақтау саласында ЖИ енгізу, сондай-ақ мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз жобалары туралы баяндады.

Талқылау нәтижесінде облыс әкімі 23 елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты аяқтауды, республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар бойында антенна-діңгек құрылғыларын орнатуға арналған басқа жобалардың жобалау құжаттамасын аяқтауды, Тараз қаласындағы 67 мектепті интернетке қосу үшін «Freedom Telecom» компаниясының инвестициялық жобасын қолдауды тапсырды.

Сондай-ақ геопортал алаңында 2025-2027 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын уақытылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жүйелі жұмыстарды орындау міндеті қойылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар