
Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу мерзімінің өзгертілгенін хабарлады. Бұл өзгеріс мектеп бітірушілерге арналған «Соңғы қоңырау» күні ауыстырылуына байланысты енгізіліп отыр.
ҰТО мәліметінше:
23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады;
24 мамырға өтініш бергендер үшін тестілеу 1 маусымға ауыстырылды.
Жаңа тестілеу күні туралы ақпарат талапкерлердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттерінде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар, тіркелген талапкерлерге SMS-хабарлама жіберіледі.
Айта кетейік, биыл оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге – 26 мамырға сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.