Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда

Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда
Тараз қаласы әкімдігі
«Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, қала әкімі Бақытжан Орынбеков және қала прокуроры Нұржан Боранбаевтың қатысуымен «Қаратау» ықшамауданы, №39 жатақхананың аумағында көшпелі жиын өтті.

Әуелі Нұрғалым Мәжитұлы осы басқосудың маңыздылығына тоқталды.

– «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы бүгінде өз тиімділігін көрсетіп келеді. Әрине, кемшіліктердің де бар екені жасырын емес. Әсіресе, халық көп қоныстанған ықшамаудандарда бұл мәселе толығымен өз шешімін таппауда. Сондықтан осындай жиындарды жиірек ұйымдастырып қана қоймай, тұрғындар арасында да түсіндіру жұмыстарын күшейтуіміз қажет, – деді облыс прокуроры өз сөзінде.

Басқосу барысында шаһар басшысы аталған жоба аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды тілге тиек етті.

– Жылдың басында «Тараз – қауіпсіз қала» жобасын іске асыру іс-шаралар» жоспары бекітілген болатын. Жоспарға Тараз қаласының «Ақбұлақ», «Қаратау», «Қарасу» ықшамаудандары тұрғындарымен профилактикалық кездесу мен семинар өткізу және кездесу нәтижесі бойынша шара қабылдау тармағы енгізілген. Осы орайда, осы жылдың 24 қаңтарында №38 орта мектепте «Ақбұлақ», «Қаратау», «Қарасу» ықшамаудандары тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Жүздесу барысында туындаған сауалдарға тұшымды жауаптар беріліп, нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ шаһар аумағында қараусыз және иесіз жүрген иттерді аулау жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Тағы бір айта кетерлігі, «Қаратау» ықшамауданы, №39 «А» мекенжайында орналасқан ғимарат осы аумақтағы қараусыз нысанға жатады. Онда белгілі тұрағы жоқ адамдар жиналып, тұрғындарға қауіп төндіріп отырғандықтан аталған ғимараттан «Отбасын қолдау орталығын» ашу жоспарланып отыр, – деген Бақытжан Әмірбекұлы бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасатынын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған Нұрғалым Әбдірұлы облыс орталығындағы қылмыстың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторлары тарапынан күнделікті бақылауды күшейту керектігін баса айтты.

Тараз қаласы әкімдігінің

медиа орталығы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар