Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ОБЛЫСТА 705 191 САЙЛАУШЫ БАР

ОБЛЫСТА 705 191 САЙЛАУШЫ БАР
ашық дереккөз
ОБЛЫСТА 705 191 САЙЛАУШЫ БАР
Алдағы 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына жан-жақты дайындық облыстық аумақтық сайлау комиссияның семинар-кеңесінде талқыланды. Аумақтық сайлау комиссиясының (облыстық, аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары) төрағалары және қала, аудан әкімдері аппаратының бас есепшілері қатысқан жиында сайлауды қаржыландыру, ақпараттандыру, ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және ҚР Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру және сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру бойынша мол мағлұмат берілді. Облыс әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы Гүлжан Дәуренова сайлауды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңіріміздің барлық аудандарының жергілікті атқарушы органдарының қаржы қызметтерінің мамандарына бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстарын түсіндірді. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ақпараттандыру жұмыстары туралы мәлімдеген облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мәдиева: «Алдағы сайлау науқанының саяси маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ сайлау туралы жұртшылықты неғұрлым толық хабардар ету мақсатында ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық-түсіндіру бейне және аудиороликтері әзірленді. Осыған байланысты облыстық сайлау комиссиясы облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып әзірлеген аудио-бейне роликтерді жетекші өңірлік телевизиялық және радиоарналардың эфирінде, қоғамдық орындарда орнатылған демонстрациялық экрандарда орналастырды. Бүгінгі күні Орталық сайлау комиссиясының сыртқы баннерлерінің эскиздеріне сәйкес облыс бойынша 250 дана ақпараттық баннерлер әзірленіп, облыстағы елді мекендердің көрнекті жерлеріне орналастыру жұмыстары жүруде», деді. Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Талғат Жамалов ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және ҚР Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру жұмыстары жөнінде баяндады. Сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы баяндама жасаған облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Абылхаир Боранбаев 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстың сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар 705 911 азамат енгенін хабарлады. Әрбiр азамат сайлаушылар тiзiмдерiндегi өзi туралы деректердi тексеруге және жаңсақтық жiберiлгенiн байқаса шағымдануға құқылы. Тіркелу орны бойынша сайлаушылар тізіміне қосылуын сайт немесе тиісті әкімдіктің Call-орталығы арқылы тексере алады. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов отырыс соңында аумақтық сайлау комиссияларына іс-шаралардың орындалу мерзімдерін қатаң басшылыққа алуды ескертіп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Қамар ҚАРАСАЕВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар