Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

№59 мекемесінде Ұлы Жеңіс күніне орай спорттық іс-шара ұйымдастырылды

№59 мекемесінде Ұлы Жеңіс күніне орай спорттық іс-шара ұйымдастырылды
Автор
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде 2025 жылғы 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында жазасын өтеуші азаматтар арасында спорттық іс-шара өткізілді,деп хабарлайды arainfo.kz

Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандар арасында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, моральдық-этикалық түсініктерді дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Спорттық шара аясында қол күрес, волейбол және шахмат сияқты жарыстар ұйымдастырылды. Сотталған азаматтардың белсенді қатысуы олардың дене дайындығын жетілдіріп қана қоймай, ұжым ішіндегі ынтымақтастықты нығайтты.

Іс-шара қорытындысы бойынша ерекше белсенділік танытқан сотталғандарды мекеме әкімшілігі тарапынан марапаттау, атап айтқанда мекеме бастығының атынан «Алғыс» жариялау мәселесі қарастырылуда.

Шара соңында жазасын өтеуші азаматтар домбыра мен гитара аспаптарының сүйемелдеуімен патриоттық әндер орындап, іс-шараның мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар