Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кәсіптік бағдарлаудың пайдасы мол

Кәсіптік бағдарлаудың пайдасы мол
aqmoedu.kz
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Қазіргі жаһандану дәуірінің басты талабы – өркениетті қоғамға ілесе алатын маман даярлау жолында алдыңғы шепте жүрген еліміздегі ірі жоғарғы оқу орындарының бірі М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті мектептердің педагогикалық ұжымдарымен бірлесіп, болашақта педагогикалық мамандықты таңдаушы оқушыларға кәсіби бағдар, ақыл-кеңес, ұсыныстар беру мақсатында жоспарға сәйкес жұмыстар атқаруда. Осы бағыттағы жұмыстарға «Педагогикалық психология» кафедрасынының профессор-оқытушылары да өз үлестерін қосуда. Жуырда Е.Қонақбаев атындағы психологиялық-педагогикалық қолдау орталығында С.Нұрмағанбетов атындағы №10 мектептің бітіруші түлектерінің қатысуымен «Заманауи мамандықтардың психологиялық кепілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Жиын барысында университеттің жетістіктері жан-жақты түсіндіріліп, білім беру бағдарламалары таныстырылды. Түлектермен «Кедергілерді шешу жолдары», «Жарасымды қарым-қатынас», «Лабиринт сызықтары», «Эмоционалды интеллекті басқару» тақырыптарында пайдалы психологиялық жаттығулар жүргізілді.

Сонымен қотар облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде және Тараз қаласындағы «Arai Elite», Жамбыл ауданындағы Жасөркен, Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектептердің түлектерімен де кафедраның профессор-оқытушылары «Жоғары оқу орнына түсу процесіндегі ата-аналардың рөлі», «Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау», «Кәсіби бағдарланудың психологиялық тәсілдері» тақырыбында семинар, «Бүгінгі таңдауың, ертеңгі өмірің» атты психологиялық тренинг өткізді.

Еліміздің келешегі білімді, білікті жас мамандарға байланысты. Сондықтан оқу ордасында қоғамда болып жатқан өзгерістерге жаңаша көзқараспен, шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, жеке тұлғаны қалыпасыру – заман талабы.

Патима МАХАШОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
«Педагогикалық психология» кафедрасының
аға оқытушысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар