
Тәрбиелік тағылымы мол мерекелік кешке I дәрежелі ұшқыш майор, МИ-8МТ тікұшақ командирі Батырбек Рысқұлов, Дүкенбай Ермеков, Сейтхан Қуантаев, Қайрадин Абдуллаев сынды құрметті меймандармен қатар, Байзақ ауданы, Ақжар ауылының 40336 әскери бөлімі, Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі және де шекара шебінде жүрген азаматтар қатысты.
Жиында сөз алған құрметті қонақтар от пен оқтың ортасынан табылған батыр бабалардың азаттық жолындағы көзсіз ерліктерін әрдайым өскелең ұрпаққа насихаттау – азаматтық борыш екенін атап өтті.
Салтанатты басқосу барысында соғыс жылдарынан естелік болып қалған жүрек тербетер әндер шырқалды. Сондай-ақ, Тараз қаласы №2 орта мектеп оқушылары жеңіс күнін жырға қосып, қан майданда от кешкен батыр бабаларына құрмет көрсетті. Әсіресе, «Шабыт» үйірме орталығының бүлдіршіндері дайындағын мерекелік композиция көрерменге шат-шадыман көңіл-күй сыйлады.