Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мектептерде отбасының табысы мен ата - анасының несиесі туралы деректер жиналмайды – министр

Мектептерде отбасының табысы мен ата - анасының несиесі туралы деректер жиналмайды – министр
ашық дереккөз
Мектептерде отбасының табысы мен ата - анасының несиесі туралы деректер жиналмайды – министр
Мектептерде отбасының табысы мен ата - анасының несиесі туралы деректер сұратылмайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Алматыда халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Министрмен кездесуге келген ата-аналардың бірі, мектептерде оқушылардың отбасы туралы деректер жиналып жатқанын айтты. «Қазір мектептерде ата-аналарға көптеген сауаланамалар толтыртып жатыр. Мысалы, жұмыс орны, табысы, несиесі, үйі бар ма? деген сияқты қисынсыз сұрақтарға жауап беруміз қаншалықты заңды»,- деп сұрады алматылық. Асхат Аймағамбетов бұл заңсыз екенін атап өтті. «Сіз, нақты қай мектеп екенін айтыңызшы. Біз міндетті түрде шара қолданамыз. Білім мекемелерінің ондай сауал жолдауына құқығы жоқ. Яғни, ата-ананың табысы мен несиесі туралы ақпарат жинақталмайды, сұратылмайды»,- деді Асхат Аймағамбетов.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар