Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мектептегі мемлекеттік емтихандар қашан өтетіні белгілі болды

Мектептегі мемлекеттік емтихандар қашан өтетіні белгілі болды
depositphotos.com
2024–2025 оқу жылы қазақстандық мектеп оқушылары үшін әдеттегіден ерте аяқталады,деп хабарлайды arainfo.kz

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше , 2024–2025 оқу жылының ресми аяқталу күні 25 мамыр жексенбі күнге сәйкес келгендіктен, еліміздің барлық мектебінде соңғы сабақ 23 мамыр күні өтеді.

Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді, – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.

Барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейді, – деп жазылған хабарламада.

Сабақ аяқталғаннан кейін 9 және 11-сынып оқушыларын мемлекеттік емтихандар күтіп тұр. Оқу-ағарту министрлігі емтихандар кестесін бекітті.

9 (10) сынып оқушылары үшін:

- 29 мамыр – математикадан жазбаша емтихан;

- 2 маусым – қазақ немесе орыс тілінен және өзге тілде оқытатын мектептерде немесе сыныптарда өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқитындар үшін ана тілі пәнінен жазбаша емтихан;

- 5 маусым – таңдаған пәннен емтихан;

- 10 маусым – өзбек, ұйғыр, тәжік, орыс тілдерінде оқытатын мектептерде немесе сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен, ал қазақ тілінде оқытатын мектептерде немесе сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен емтихан.

11 (12) сынып оқушылары үшін:

- 30 мамыр – Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан;

- 4 маусым – алгебра және математикалық анализ негіздерінен жазбаша емтихан;

- 9 маусым – қазақ немесе орыс тілінен және өзге тілде оқытатын мектептерде немесе сыныптарда ұйғыр, тәжік, өзбек тілдерінде оқытатындар үшін ана тілі пәнінен емтихан;

- 12 маусым – таңдаған пәннен емтихан;

- 16 маусым – өзбек, ұйғыр, тәжік, орыс тілдерінде оқытатын мектептерде немесе сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен, ал қазақ тілінде оқытатын мектептерде немесе сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен емтихан.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар