Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақ циркінің әртістері Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақ циркінің әртістері Гиннестің рекордтар кітабына енді
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы циркінің әйгілі «СЕРБАТ» акробатикалық тобының мүшелері — Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Италияның Милан қаласында өткен «Lo Show Dei Record» халықаралық шоуында жаңа рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді,деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақ өнерпаздары баспалдақпен төмен қарай төңкерілген адамды көтеріп, күрделі трюкті небәрі 36,66 секундта орындаған. Бұл көрсеткіш халықаралық қазылар алқасын таңғалдырды.

«Бұл – ұжымдық еңбектің жемісі. Біз ұзақ дайындалдық, халықтың қолдауын сезіну – үлкен қуаныш», – деді Батыр Жанұзақ. Оның әріптесі Марлен Маратов бұл жетістікті қазақ циркінің кәсіби деңгейін дәлелдейтін үлкен мәртебе деп бағалады.

Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов бұл жеңіс ұлттық цирк өнерінің биігін көрсетіп, халықаралық беделін арттыра түскенін атап өтті.

«СЕРБАТ» тобы бұған дейін де «America’s Got Talent», «Britain’s Got Talent» секілді әлемдік шоуларда танылған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар