«Мемлекеттік тіл – менің тілім»: 5513 әскери бөлімінде үздіктер анықталды
- author AR-AY
- 30 сәуір, 2025
- 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде дәстүрлі түрде өтетін «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы биыл 5513 әскери бөлімінде жалғасын тапты.
Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне қызығушылығын ояту және тілді меңгеруге ынталандыру.
Байқау үш кезеңнен тұрды: қатысушылар еркін әңгіме, сахналық қойылым мен мақал-мәтелдер, сондай-ақ тақырыптық баяндама арқылы қазақ тіліндегі шеберліктерін көрсетті. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін құрметпен меңгергені көрермендер мен қазылар алқасының ыстық ықыласына ие болды.
Нәтижесінде:
- І орын – орыс ұлтының өкілі, лейтенант Хакаю Даниил Вячеславович
- ІІ орын – татар ұлтының өкілі, аға лейтенант Надилов Ильнур Фирдевесович
- ІІІ орын – украин ұлтының өкілі, капитан Кадацкий Павел Витальевич иеленді.
Жеңімпаздарға бөлім командирі атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал бірінші орын иегері Даниил Хакаю енді Тараз қаласы атынан өңірлік кезеңде бақ сынайды.
Мемлекеттік тілге деген құрмет пен патриоттық рухты дәріптеген бұл байқау – ел бірлігі мен рухани тұтастықтың нақты көрінісі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік студент ЖИ көмегімен Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады
- авторAR-AY
- 30 сәуір, 2025