Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қаратауда “Қолбасшы Қойгелді” атындағы республикалық турнир өтті

Қаратауда “Қолбасшы Қойгелді” атындағы республикалық турнир өтті
Автор
Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында қазақ күресінен “Қолбасшы Қойгелді” атындағы ІІІ республикалық турнир өтті,деп хабарлайды arainfo.kz

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов арнайы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде ұлттық күрес – қазақтың рухы мен болмысын айқындайтын маңызды спорт түрі екенін тілге тиек етті.

Айта кету керек, бұл турнир алғаш рет 2022 жылы облыстық деңгейде ұйымдастырылып, 2023 жылдан бастап республикалық мәртебеге ие болды. Биылғы турнир үш күнге жалғасып, қатысушылар үшін үлкен спорттық тәжірибе алаңына айналды.Аталған дүбірлі додаға еліміздің 11 өңірінен 393 спортшы қатысты. 

Турнирдің мақсаты – жастар арасында ұлттық спортты дамыту және жас балуандардың шеберлігін шыңдау. Бұл Қазақстан жастарының ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен құрметінің айқын көрінісі. Турнир аясында жастардың тек спорттық бәсекеге ғана емес, ел рухын асқақтатып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңғызды іс-шара екендігін көрсетті. 

Жарыс барысында балуандар тартысты белдесулер өткізіп, өз шеберліктерін ортаға салды. Төрешілік әділ өтті, ал көрермендер тартысты сәттерге куә болып, спортшыларға ерекше қолдау көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша үздік атанған жас спортшылар арнайы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық спорттың дамуына серпін беретін бұл турнир жас балуандарды табандылыққа, қайсарлыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу жолында маңызды рөл атқарып отыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар