Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанның тағы бір пойызына әйелдер вагоны қосылады

Қазақстанның тағы бір пойызына әйелдер вагоны қосылады
Қазақстан теміржолшысы
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Ұлттық тасымалдаушы 1 маусымнан бастап Орал-Маңғыстау бағыты бойынша әйелдер вагонын іске қосатынын мәлімдеді,деп хабарлайды arainfo.kz

Осылайша, жаңа вагонның қосылуымен «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді. Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда бар:

• №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;

• №351/352 «Алматы – Маңғыстау»;

• №45/46 «Павлодар – Түркістан»;

• №37/38 «Маңғыстау – Семей»;

• №47/48 «Атырау – Астана»;

• №33/34 «Ақтөбе – Алматы»;

• №4/3 «Астана – Алматы»;

• №71/72 «Астана – Шымкент»;

• №354/353 «Астана – Семей»;

• №24/23 «Ақтөбе – Алматы»;

• №25/26 «Алматы – Шымкент»;

• №614/613 «Орал – Маңғыстау».

Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады, ал қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар, бұл вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген.

Компания өкілдері жолаушыларға билеттерді онлайн рәсімдеу кезінде 'ЖН' (әйелдер) аббревиатурасына назар аударға шақырды. Бұл билет тек әйелдерге сатылатынын білдіреді.

Айта кетейік, Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар 2021 жылы пайда болды. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар