Жамбыл облысында даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта орнатылды
- author AR-AY
- 25 сәуір, 2025
- 1

Салтанатты шара Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды.
— Біз батырлардың рухына тағзым етумен ғана шектелмей, олардың қорғап қалған құқықтық негізді нығайта беруіміз керек. Олардың өмір жолы – мемлекетке қызмет етудің, халық алдындағы жауапкершіліктің және антына адалдықтың үлгісі, – деп атап өтті Бас прокурор.
Жиында сөз алған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті.
– Биыл атап өтілгелі жатқан Ұлы Жеңістің 80 жылдығы еліміз үшін ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнін кеңінен дәріптеп, батырларымыздың өшпес ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, бүгін біз қазақ халқының біртуар тұлғасы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына да ерекше мән беріп отырмыз. Жуалы ауданында өзінің өр перзенті, даңқты қолбасшының құрметіне ескерткіш тақтаның ашылуы – халқымыздың отансүйгіштік рухын арттыруының бір көрінісі. Бұл игі шаралар елдің тарихын бағалауға және жастарға патриоттық тәрбие беруге зор ықпал ететін болады, - деді аймақ басшысы.
Жиын барысында аудан меймандарына "Тәртіпсіз ер болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды" тақырыбында танымдық бұрышм таныстырылды. Мұнымен қоса шараға қатысушылар аудан жұртшылығымен бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызды.
Сондай-ақ, бұл күні Жамбыл облысы прокуратурасының Тараз қаласындағы ғимаратының алдында да Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымызға арналған ескерткіш тақта ашылды. Онда Бауыржан Момышұлы мен соғыстың ең қиын жылдарында құқықтық тәртіпті қалыптастыруға үлес қосқан басқа да прокурорлардың есімдері жазылған.
Салтанатты шара барысында Зейнеп Ахметова, жазушы әрі Бауыржан Момышұлының келіні, батырдың мұрасын сақтауға қосқан үлесі үшін ерекше алғысқа ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды
- авторAR-AY
- 25 сәуір, 2025