Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тілге құрмет – халыққа құрмет

Тілге құрмет – халыққа құрмет
Автор
Тіл байлығы – сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде.

Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттың баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек.

Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі дүние жүзі тілдерінің ішінде жетпісінші орында тұрса, байлығы мен бояуы, әсерлілігі жағынан алғашқы ондықта тұрған тіл. Сондай-ақ дүние жүзінде ауызша және жазбаша лингвистикалық мәдениетті қалыптастырған алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің бірі.

Тілге құрмет – халыққа құрмет. Халық тілсіз өмір сүре алмайды. Әлем мойындаған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын көтеруіміз керек. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі ғана емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Тіліміздің мәртебесін көтеруге бірге атсалысайық! Тілді бір отбасы, ұлтымыз деп құрметтейік!

Ринат ТАНАДБАЕВ,
Тараз қалалық сотының судьясы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар