Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

1 қыркүйектен бастап мектептегі тамақтану стандарты өзгереді

1 қыркүйектен бастап мектептегі тамақтану стандарты өзгереді
istockphoto.com
Мектепте тамақтанудың жаңа стандарты әзірленді,деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы еліміздегі мектеп оқушыларына ұсынылатын тегін тамақ сапасына назар аударып, оны арттыру қажеттігін баса айтты. Қазіргі таңда 1,7 миллион оқушыны қамтитын бұл жүйе жас ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі болып отыр.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасына орай Денсаулық сақтау министрлігі мектеп тағамдарын реформалауды басты міндеттердің бірі ретінде қолға алды. Ведомство басшысы Ақмарал Әлназарованың айтуынша, жаңа стандарттар балалардың денсаулығын, оқу үлгерімін және жалпы әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

— Денсаулық сақтау министрлігі Білім министрлігімен және отандық, халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып, ғылыми деректерге негізделген жаңа мектеп тағамы стандарттарын әзірледі. Жаңа ереже 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымдарында күшіне енеді, — деді министр.

Оның айтуынша, соңғы жылдары балалар арасында семіздік, II типті қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, тісжегі мен аллергия сияқты мәселелер артып отыр. Бұл, көбінесе, теңгерімсіз және зиянды тамақтанудың салдары.

Сараптамалық бағалауларға сәйкес, жаңа стандартты сақтау арқылы келесі нәтижелерге қол жеткізу көзделіп отыр:

  • Семіздік деңгейін 10-15%-ға төмендету,
  • II типті қант диабеті жағдайларын 10-20%-ға қысқарту,
  • Артериялық гипертензияны 8-18%-ға азайту,
  • Созылмалы ауруларды 5-15%-ға төмендету,
  • Сонымен қатар балалардың зейіні мен оқу үлгерімін арттыру.

Бұдан бөлек, министрлік мектеп асханаларындағы санитариялық жағдай мен тамақтану қауіпсіздігін бақылауды күшейтпек. Енді тексерулер туралы алдын ала хабарлау тоқтатылып, тұрақты мониторингтік сапарлар енгізіледі. Бұл жаңа тәсілдер бұзушылықтарды уақтылы анықтап, оларды жоюға бағытталған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар