21 сәуір күні Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.
Мекеменің мәліметінше, оқиға орнына құқық қорғау органдары шақырылып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.
"Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр," — делінген ҰҚК таратқан ресми хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері әзірге белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Қосымша мәліметтер ресми органдар тарапынан берілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
2028 жылға қарай Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады
- авторAR-AY
- 18 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмысы жандандырылады
- авторAR-AY
- 18 желтоқсан, 2025




