
Жиынға облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Серік Сәлемов, ҚР Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің командирі, полковник Ғазиз Кәдірбек, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев және ауған соғысының ардагері Дүкенбай Ермеков қатысты.
Тәрбиелік тағылымы мол кездесу барысында алғашқылардың бірі болып сөз алған қоғам белсендісі Қасымхан Естемесұлы отан алдындағы борышын абырой атқарып, ұлт мүддесі жолында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан барша құзырлы орган өкілдеріне, соның ішінде құқықтық тәртіп әскерінің сарбаздарына азаматтық алғысын білдірді.
Сондай-ақ, «Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүкенбай Ермеков мемлекет тұтастығын сақтаудың бірден-бір кепілі – патриоттық сезім екендігін баса айтты.
Жиынның қорытынды сөзін түйіндеген Мәлік Нұржанұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда талқыланған маңызды мәселелерге тоқталып, қоғамдық бірлік пен әділетті Қазақстан құру жолындағы Мемлекет басшысының бастамаларына кеңінен тоқталды.
Мұнымен қоса, Президент кеңесшісі «Заң мен тәртіп» қағидатын негізге алып, өңірде қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың маңыздылығын атап өтті.