Тараздағы түзеу мекемесінен алматылық азамат гуманизм негізінде еркіндікке жолдама алды
- author AR-AY
- 15 сәуір, 2025
- 1

Аталған заңға сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінен алматылық азаматтың жаза мерзімі қысқартылып, ол бостандыққа шықты. Жаза өтеу мерзімі аяқталған 55 жастағы ер адам сот шешімі негізінде Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған еді.
Айта кетейік, заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі таратушылар, оның ішінде «есірткі жасырушылар» үшін қылмыстық жауапкершілік бөлінген. Егер олар үшін Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша бірыңғай жаза қолданылған болса, енді есірткі жасырушылар сол 297 бабы бойынша бірақ төмендетілген санкциялармен тартылатын болады. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілік тек прекурсорлардың контрабандасы үшін көзделген. Аталған өзгерістер прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың айналымына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған.