Тараздық ҚАЖ қызметкерлері бостандыққа шыққан азаматшаға құқықтарын түсіндірді
- author AR-AY
- 8 сәуір, 2025
- 85

Бұл ретте түзеу мекемесінен босап шыққан сотталғандарды қоғамға бейімдеу мәселесі де назардан тыс қалмайды.
Бұдан бөлек жазасын өтеушілердің қайта қылмыс жасауына жол бермеу жайына да айрықша көңіл бөлінуде. «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының да көздегені осы.
Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты тараздық азаматша бостандыққа шықты. Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері 47 жастағы А есімді әйелді мекеме қақпасынан шығарып салу барысында оған аталған әлеуметтік жоба шеңберінде құқықтары мен міндеттерін нақты түсіндірді.
Айта кетейік, нәзікжанды азаматша Қылмыстық Кодекстің 189-бабы, 4-бөлігінің 2-ші тармағымен кінәлі деп танылып, №2 Тараз қалалық шешімімен 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.