Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандық үш оқушы Гарвардқа грант жеңіп алды

Қазақстандық үш оқушы Гарвардқа грант жеңіп алды
Қазақ телеграф агенттігі
Алматы қаласындағы жеке Шоқан Уәлиханов атындағы Shoqan School мектебінің үш бірдей оқушысы әлемнің үздік жоғары оқу орындарына — Гарвард университеті мен Калифорния университеті, Беркли кампусына — толық грантпен оқуға түсті,деп хабарлайды arainfo.kz

Мектеп оқушылары Гарвард, UC Berkeley және UCL сияқты әлемнің жетекші оқу орындарына толық грантпен қабылданды. Сабыржан Арман Гарвард университетінде компьютерлік инженерияны оқымақ, ал Оспан Томирис — экономика саласына түсті. Жандильдаева Камилла — UC Berkeley-дегі жоғары бәсекелі MET бағдарламасына, Аружан Асыл — University College London-ның дайындық курсына жолдама алды.

Бұл жетістіктер Shoqan School-дың 2023 жылы іске қосқан арнайы Менторлық бағдарламасының нәтижесі. Бағдарлама аясында оқушылар SAT және TOEFL емтихандарына дайындалып, эссе жазу, портфолио әзірлеу, академиялық ортаға бейімделу бойынша кешенді қолдау алады. Сонымен қатар, Гарвардтағы жазғы мектепке қатысу мүмкіндігі ұсынылады — барлық шығын жеке қаражат есебінен өтеледі.

Бағдарлама Ұлыбританиядағы Luminary Education агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылады. Әр қатысушыға 6–8 ментордан құралған жеке команда қолдау көрсетеді. Финалдық кезеңде үздік 20 университетке құжат тапсырып, жеке дайындықтан өтеді.

Бастаманың мақсаты — дарынды жастарға әлемдік деңгейде білім беріп, ел болашағына серпін беретін жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыру. 2025 жылдың соңына қарай бағдарлама аясында 6–7 сынып оқушыларына арналған бағыттар да кеңейтіледі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар