Қазақстанда алғашқы рет жүк тасымалы жолаушылар пойыздары арқылы жүзеге асырылды
- author AR-AY
- Бүгін, 09:51
- 15

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Астанадан Алматыға Talgo жолаушылар пойызы арқылы алғаш рет коммерциялық жүк жөнелтілді. Салмағы 1 тонна 700 келі болатын бұл жүк – еліміздегі киім-кешек дүкендерінің 80%-дан астамына қызмет көрсететін Warehouse Management IAA логистикалық компаниясымен бірлескен жобаның алғашқы нәтижесі.
Жобаның негізгі мақсаты – тұтынушыларға тауарды жылдам жеткізу, тасымалдау сапасын арттыру және сән индустриясындағы бизнеске тиімді қызмет ұсыну арқылы заманауи логистикалық жүйе қалыптастыру.
Warehouse Management IAA – Қазақстандағы ең ірі 10 логистикалық компанияның бірі. Компания LC Waikiki, Koton, DeFacto, Adidas, ECCO, Mango, Guess, Reserved секілді әлемдік брендтерге қызмет көрсетеді.
Ұлттық тасымалдаушымен бірге компания Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және басқа да қалалар арасында тұрақты жүк тасымалын дамытуды көздеп отыр.
Жаңа логистикалық модель еліміздегі 1000-нан астам дүкен мен 2500-ге жуық сауда нүктесіне тауар жеткізу үдерісін жеңілдетіп, өңірлердегі тауарлардың қолжетімділігін арттырады. Сонымен қатар, жүк тасымалын жолаушылар пойыздары арқылы жүзеге асыру логистикалық шығындарды қысқартып, жеткізу жылдамдығын арттырады.
Мамандардың айтуынша, бұл модель жолаушылардың қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төндірмейді және бизнеске көлік логистикасы бағытында жаңа мүмкіндіктер ашады.