Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тәрбие сағатының тағылымы мол

Тәрбие сағатының тағылымы мол
Автор
Жуырда Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте «Жаяу жүргінші – назар аудар!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Арайлым Сырғабаеваның ұйымдастыруымен өткен тәрбие сағаты оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіруді, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруды және жол-көлік оқиғаларының алдын алуды мақсат етті.

Өрендерге ой салған іс-шара барысында жеткіншектерге жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері, бағдаршамның қызметі және көшеде қауіпсіз жүріп-тұрудың маңыздылығы туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы викториналық сұрақтар қойылып, жол қозғалысы тақырыбындағы суреттер байқауы ұйымдастырылды.

Кітапхана ішінде жол қауіпсіздігіне арналған арнайы көрме жасақталып, оқушыларға жол жүру ережелері туралы кітаптар таныстырылды.

– Балалардың жолда жүру ережелерін білуі олардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Біз өз тарапымыздан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да тақырыптарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеміз. Осы секілді балаларға берері мол жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – деді Арайлым Қайратқызы.

Эльмира САРЫМБЕКОВА,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

Ақкөл ауылы,

Талас ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар